Қазақстанда 28 тамыздан бастап карантин жеңілдетіледі

0
136

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келе бастауына байланысты 28 және 30 тамыздан бастап бірнеше карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік хабарламасы бойынша карантин шараларына енгізілетін өзгерістер төмендегідей:

  • “ASHYQ” жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін рұқсат етіледі
  • “ASHYQ” жобасының көшбасшылары – “ASHYQ” қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің “жасыл мәртебесі” (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін рұқсат етіледі
  • Сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне рұқсат етіледіАғымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері:
  • “ASHYQ” жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін рұқсат беріледі
  • “ASHYQ” жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылдыБұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.

    Жаңа оқу жылына байланысты премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін келесі тапсырмаларды берді:

    🔹 медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;

    🔹 санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;

    🔹 педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында “ASHYQ” жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

    🔹 білім беру ұйымдарын оқулықтармен,оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

    🔹 мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз