Астана процесі шеңберінде Сирия мәселесі бойынша келіссөздердің 9-раунды 2018 жылы ақпан айының екінші жартысында өтеді деп белгіленді.
Астанада өткен келіссөздердің 8-ші раундының қорытындысы бойынша пленарлық отырыстың соңында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «2018 жылдың ақпан айының екінші жартысында Астанада халықаралық деңгейдегі кездесуді жоғары деңгейде өткізу туралы шешім қабылдады», – деп мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Сириядағы әскери жанжалды реттеу бойынша келіссөздердің 8-ші раунына қатысу үшін, Астана процесінің шеңберінде БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Де Мистура Астанаға келді.
Жадыра Аманбайқызы