8 қыркүйектегі ақпаратта 6 928 646 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 5 755 817 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 3639 адам вирус жұқтырып, 72 адам қайтыс болды. 6894 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 342 адам жұқтырып, 10 адам қайтыс болды. Пневмониядан 150 науқас емделіп шықты.
Жалпы 87 015 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 18 333 пациент стационарда, 68 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 1 377 адамның жағдайы ауыр, 378 адамның жағдайы өте ауыр және 197 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның үш түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары.