Коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азаюда

0
69

13 қыркүйектегі ақпаратта 3088 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 54 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда соңғы бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 3959 адам індеттен жазылды. Ал, 57 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 842 587 адамға, жазылғандардың саны 762 049 адамға, ал қайтыс болғандар саны 10 354 адамға жетті.

Барлығы 78 512 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 8 328 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 16 345 адам стационарда, ал 62 167 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 1 276 адамның жағдайы ауыр, 340 адамның жағдайы өте ауыр және 196 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек елде 7 087 994 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 5 906 080 адам ектірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз