Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Ерлан Қожағапанов премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.
13 қыркүйек, дүйсенбі күні Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі қызметінен босатылды. Араға бірнеше минут салып премьер-министр сайтында Ерлан Қожағапановтың жаңа қызметі хабарланды.
Оқи отырыңыз: Ерлана Кожагапанова сняли с должности вице-министра культуры и спорта
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген. 2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2013-2016 жылдары спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы және футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында премьер-министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған. 2020-2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. Ал, 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін мәдениет және спорт вице-министрі болды.