Қазақстанда 7 өңір қызыл аймақта орналасқан

0
89

21 қыркүйектегі ақпаратта коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта” 7 өңір орналасқан. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.

“Қызыл аймақ”:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы
  2. Алматы қаласы
  3. Ақмола облысы
  4. Ақтөбе облысы
  5. Қостанай облысы
  6. Қарағанды облысы
  7. Павлодар облысы

Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары “сары аймақта”, ал қалған өңірлер “жасыл аймақта” орналасқан.

Қазақстанда өткен тәулікте 2093 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Алматы қаласы(415) және Қарағанды облысында(304) тіркелді. Ал 3509 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 47 адам қайтыс болды.

Өткен жылдың наурызынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 864 955 адамға жеткен.

Бұдан бөлек қазіргі таңда 7 334 870 адам вакцинаның бірінші дозасын, ал 6 201 253 адам екінші дозасын алған.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз