Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

0
193

8 қазандағы ақпаратта 1896 адам коронавирус жұқтырып, жалпы өткен жылдың наурыз айынан бері 900 121 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек 2804 адам коронавирустан жазылып шықты. 342 адам коронавирус пневмониясынан емделді. Бір күнде 37 адам – коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.

Қазір коронавирустан 54 850 адам ( оның ішінде 7 443 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 717 адамның жағдайы ауыр, 207 науқастың жағдайы өте ауыр. 136 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Бұдан бөлек 5 өңір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “қызыл аймақта” болса, “сары аймақта” 7 өңір, ал “жасыл аймақта” 5 өңір. Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “сары аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз