11 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 1717 адамнан коронавирус табылды. 42 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 29 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы (326) және Нұр-Сұлтан (280) қалаларында тіркелген.
Былтыр наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 905 641 адамға жеткен.
Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 77247 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4914 адам қайтыс болған. 65208 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 53 751 адам (46 626 КВИ+ және 7 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 653 пациент стационарда, 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 696 адамның жағдайы ауыр, 194 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 127 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.