15 қазан таңертеңгі ақпаратта Қазақстанда 1967 адамда коронавирус індеті ПТР тесті арқылы расталды. Жалпы өткен жылдың наурыз айынан бері 912 799 адамнан коронавирус анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Кейінгі мәлімет бойынша 2232 адам індеттен емделіп шыққан. Ал, 28 адам ауру салдарынан қайтыс болды. Жалпы 52 928 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 9 114 пациент стационарда, 43 814 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы науқастардың арасында:
• 642 адамның жағдайы ауыр
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр
• 125 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.
Вакцинация бойынша бірінші компонентті 7 976 127 адам ектірген. Ал, екінші компонентті 7 059 597 адам салдырған.