ДСМ 22 қазандағы коронавирус дерегін жариялады

0
185

22 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 1742 адамнан коронавирус табылды. 151 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 32 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Былтыр наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 924 802 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 78460 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4992 адам қайтыс болған. 67214 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 51 216 адам (–44 962 + және 6 254 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 365 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 625 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 109 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз