Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (GGG) мен Саул Альварес (Канело) ресми түрде салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Екі боксшының да салмағы тең дәрежені көрсетті.
Бүгінге дейін боксшылардың жекпе-жектен кейін 15 млн АҚШ долларын алатындығы белгілі болған.
Тіпті президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «бұл жекпе-жек уақытында көрші елде іс-сапармен жүрсем де міндетті түрде Головкиннің күресін тамашалаймын. Барлығымыз отандасымызға қолдау көрсетейік» деген болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстандық боксшыға қолдау көрсету үшін біршама жерлесіміз Лас-Вегасқа жетті.
Екі елдің де боксшылары ашық алаңдарға шығып жаттығулар жүргізуде.
Рингті өз үйіндей сезінетін отандасымыз ертеңгі күнге тас-түйін дайын отыр.