Қазақстанда вакцина алғандар саны 8,3 миллионнан асты

0
89

1 қараша таңертеңгі ақпаратта 8 300 105 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 7 500 328 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 1395 адам вирус жұқтырып, 18 адам қайтыс болды. 1730 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 28 адам жұқтырып, 1 адам қайтыс болды. Пневмониядан 57 науқас емделіп шықты.

Жалпы 46 492 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 8 412 пациент стационарда, 38 080 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 590 адамның жағдайы ауыр, 149 адамның жағдайы өте ауыр және 94 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның үш түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз