Қазақстанда 81 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр

0
180
с источника

24 қарашадағы ақпаратта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 905 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 26 адам қайтыс болып, коронавирусқа ұқсас пандемияға 150 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 966 423 адамға жеткен.

Министрлік мәліметінше елде 28 704 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 943 пациент стационарда, 22 761 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:

• 451 адамның жағдайы ауыр,

• 126 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 81 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз