28 қарашада алматылық Қайрат Қазақстан кубогының финалында қарағандылық Шахтер клубымен кездесіп, пенальти сериясымен жеңіске жетті.
Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта қос команда да бір бір голдан соқты. Кубок ойыны пенальти сериясына жетіп, 9:8 есебімен алматылықтар басым түсті.
Бұл матчтың тағы бір ерекшелігі ойында VAR жүйесі екі рет қолданылды. Алғашқы сәтте қарағандылықтар қолданып қосымша уақытта пенальти алған болатын. Одан кейін алматылықтар пенальти сериясында қолданып, VAR арқылы Рикарду Алвеш соққысын тағы қайталап, гол соқты.
Осылайша алматылық Қайрат клубы өз тарихында оныншы рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ал, Шахтер клубы үшінші рет кубок финалисі атанғанымен бұл турнирде тек бір мәрте жеңімпаз атанған.