22 желтоқсандағы ақпаратта 416 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 86 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жалпы, Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану 16 есеге төмендеді (тамыз айында аптасына 56120 жағдайдан желтоқсан айында аптасына 3524 жағдайға дейін). Ақпаратқа сәйкес, 801 адам індеттен жазылды. Ал, 6 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 984 079 адамға, жазылғандардың саны 954 772 адамға, ал қайтыс болғандар саны 12 942 адамға жетті.
Барлығы 18 852 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Қазіргі таңда 3 207 адам стационарда, ал 15 645 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 273 адамның жағдайы ауыр, 72 адамның жағдайы өте ауыр және 61 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.