Қытай алдағы үш жылда Орталық Азия елдеріне $500 млн қаржы бөледі

0
391
Пекин мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған онлайн саммит.

25 қаңтарда Пекин мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған онлайн саммитте  Қытай басшысы Си Цзиньпин алдағы үш жылда Орталық Азия елдерінің экономикасы мен қауіпсіздігін нығайтуға көмек ретінде 500 млн доллар қаржы бөлетінін мәлімдеді.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары да қатысты.

Си Цзиньпиннің айтуынша, аталған қаражат “халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін” жобаларға жұмсалады.

Қытай басшысы сонымен бірге биыл коронавирусқа қарсы вакцинаның 50 млн дозасын Орталық Азияның бес еліне көмек ретінде беретінін айтып, Пекиннің екпе өндіру технологиясын аталған елдерге көшіре алатынын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз