Мұрат Нұртілеу президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

0
280
Мұрат Нұртілеу.

1 ақпанда президент жарлығымен Мұрат Нұртілеу президент әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұртілеу қаңтардағы дүрбелең кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Ол бұл қызметте бір айға жуық уақыт отырды. Оған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған.

Бұған дейін президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарған. Сейсенбі күні ол мәжіліс депутаты ретінде тіркеліп, спикер болып сайланды. Ол мәжілістің үш шақырылымында спикер болған, 1 ақпанда депутаттық өкілеті тоқтатылған Нұрлан Нығматулинді алмастырды.

45 жастағы Мұрат Нұртілеу 2021 жылдың ақпан айы мен 2022 жылдың қаңтар аралығында президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған. 2019 жылы наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған кезде президенттің көмекшісі болып тағайындалған. Ұзақ жыл сыртқы істер министрлігінде істеген. 2016-2019 жылдары Финляндия елшісі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз