8 ақпанда Пекинде өтіп жатқан қысқы олимпиадада қазақстандық спортшылар 3 спорт түрінен – конькимен жүгіру спорты, биатлон және шаңғы жарысы бойынша өнер көрсетеді. Бұл туралы olympic.kz сайты хабарлады.
- 14:00 – Әйелдер арасында шаңғыдан еркін мәнерде жақын қашықтыққа жарысу арқылы спортшыларды саралау туры басталады. Бұл сайысқа қазақстандық Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова қатысады.
- 14:50 – Ерлер арасында шаңғыдан еркін мәнерде жақын қашықтыққа жарысу арқылы спортшыларды саралау туры басталады. Бұл сайысқа қазақстандық Виталий Пухкало, Евгений Величко қатысады.
- 14:30 – Ерлер арасында 20 шақырымға жеке жарысатын биатлон басталады. Бұл сайысқа қазақстандық Владислав Киреев, Александр Мухин қатысады.
- 16:30 – Ерлер арасында 1500 метрге конькимен жүгіру спорты басталады. Бұл сайысқа қазақстандық Дмитрий Морозов қатысады.
Айта кетейік, 4-20 ақпан аралығында Пекинде өтетін қысқы олимпиада ойындарына Қазақстаннан 34 спортшы қатысады.
*Кесте, Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.