10 ақпан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
“10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады. 11 ақпан күні мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді”, – делінген хабарламада.
Бұл Тоқаевтың жыл басталғалы шет елге екінші сапары. Ол 4-6 ақпан аралығы Қытайда қысқы олимпиаданың ашылуына қатысқан.
Ресейге былтыр 28 желтоқсанда ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барған.