Айжан Есмағамбетова бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды

0
191
Айжан Есмағамбетова фото: primeminister.kz

14 ақпанда Үкімет қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі және Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Айжан Есмағамбетова 2020 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Одан бөлек бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы, қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры және т.б. қызметтер атқарған. Айжан 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз