17 ақпандағы эпидемиологиялық ахуал бойынша 5 өңір “қызыл” аймақта, 3 өңір “сары” аймақта, ал 9 өңір “жасыл” аймақта тұр. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.
«Қызыл» аймақ: Алматы қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақ: Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары
«Жасыл» аймақ: Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары