7 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Атырау облысының әкімі болып Серік Шәпкенов тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
“Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын”- делінген хабарламада.
42 жастағы Серік Шәпкенов 2021 жылдың қаңтарынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған. Оған дейін 2020 жылдың маусымынан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. Оның алдында шамамен екі жыл Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.