Жетінші Каспий саммиті Иранда өтеді.
Түрікменстан астанасында алтыншы Каспий саммиті өтіп, оның коммюникесі жарияланды. Жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды. Сондай-ақ экологиялық проблемаларды Жайық өзені мен итбалықтардың қырылуы мәселесін де сөз етті.
Бұдан бөлек мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлі айтарлықтай артқанын айтты.