13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді”, – делінген хабарламада.
Рим Папасы сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.