Роза Бағланова өз әндерін әлемнің 25 тілінде орындаған

0
547
Роза Бағланова, фото: ortcom.kz

Халық сүйіктісі Роза Бағланова өз әндерін әлемнің 25 тілінде орындаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақ елін дүние жүзіне таныстырып, паш еткен Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына биыл 100 жыл толып отыр.

Ғұмырының 70 жылдан астам уақытын киелі сахнаға, қасиетті ән өнеріне арнаған қазақ қызы Кеңес Одағы халықтарының ті­лін­де, сонымен бірге чех, швед, вен­гр, қытай, моңғол, корей, үнді… 25 тілде ән шырқаған. Әлем­нің 54 елінде болып, бірнеше мем­ле­кеттің «Ха­лық әртісі» ата­ғы­на ие болған. Ше­телдіктер Роза­ны қызғалдаққа те­ңеген.

Роза Тәжібайқызының орын­дауын­дағы «Домбыра», «Сәулем-ай», «Кел, біздің ауылға», «Әлі есім­де», «Ақмаңдайлым», «Ақ­сұң­­қарым», «Ақтамақ», «Асыл арман», «Аялап тербеткен», «Әдемі-ау», «Іңкәрім», «Ах, Самара городок», «Танцуй, танцуй», т.б. әндерін халық сүйіп тың­дайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз