АҚШ Қазақстандағы елшісін ауыстырды

0
241
Дэниел Розенблюм. Photo: US Embassy in Uzbekistan

АҚШ сенаты Дэниел Розенблюмді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі етіп бекітті. Бұл жөнінде Қазақстандағы АҚШ елшілігі хабарлады.

Бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін Джуди Куо атқарып келген.

Розенблюм 2019 жылдан бері АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болған. Сенат Өзбекстан елшісі қызметіне Джонатан Хениктің кандидатурасын мақұлдаған.

Елші қызметіне дейін Розенблюм АҚШ мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюрода мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары болған. Оның міндетіне АҚШ саясатын басқару мен Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату кірген.

АҚШ мемлекеттік департаментіне дейін Розенблюм Еркін кәсіподақ институты бағдарламасының (FTUI) аға үйлестірушісі болған. Розенблюм FTUI-дің Мәскеу, Киев, Алматы мен Варшавадағы кеңселерінде жұмыс істеген.

Дэниел Розенблюм Йель университетінің түлегі Джон Хопкинс атындағы халықаралық зерттеулер мектебінде советтік зерттеулер және халықаралық экономика саласында магистр дәрежесін алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз