Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ералы Тоғжанов бұған дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымын атқарған еді.
Ал бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі лауазымын атқарған Оңдасын Сейілұлы Оразалин президент жарлығымен қызметінен босатылды. Алайда оның келесі қызметі хабарланбады.