Тоқаев: Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр

0
249
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Bort #1

1 қыркүйектегі жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жұмысын сынады. Ол дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келетінін айтты.

“Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді”, – деді Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз