Қытай мегаполистерінің бірінде локдаун енгізілді

0
157
фото: elorda.info

Чэнду қаласының билігі (Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы, Оңтүстік Батыс Қытай) бейсенбіде коронавирустың өршуіне байланысты қатаң локдаун енгізді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден бастап тұрғындарға үйде болуға кеңес берілген. Бұл ретте отбасы мүшелерінің тек біреуіне тәулігіне бір рет коронавирус тексеруге тапсырған ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен кезде азық-түлік алу үшін далаға шығуға рұқсат етілген.

Кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне жұмысшыны қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылған. Тек ауылшаруашылық базарлары, қажетті тауарлары бар дүкен, дәріхана мен ауруханалар ашық болады. Қоғамдық көлік қозғалысы қысқартылған.

Бейсенбіден бастап Чэнду қаласының барлық тұрғындарын жаппай ПТР тестілеу науқаны басталған, оның халқы шамамен 21 миллион адамды құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз