Тоқаев Түркі академиясының президентін қабылдады

0
147
фото: тг/ Борт N1

2 қыркүйекте мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының президенті Монғолияның Арханғай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазулар туралы баяндаған.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл жазу тарихымызды, адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді 50 жылға ілгерілетеді. Сондай-ақ Құтлық қағанның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер де табылған.

Кездесуде Түркі академиясының атқарып жатқан өзге жұмыстарымен қатар шығарған оқулықтары туралы да айтылған.

Дархан Қыдырәлі мемлекет басшысына халықаралық академиядағы жұмысының аяқталып жатқанын жеткізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз