Парламенттегі депутаттар тобының елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсынысынан президент хабардар. Бұл жөнінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
“Мәжіліс депутаттарының ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс деп санайды” деп жазды Руслан Желдібай.
Төменгі палата депутаттары арасында құрылған “Жаңа Қазақстан” тобы 2 қыркүйекте мәлімдеме жасап, президентті жеті жылға сайлау бастамасын қолдап, Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтаруды ұсынған.