6 қазанда Астанада “Аманат” партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды”, – делінген хабарламада.
Съездің күн тәртібі әзірге нақты емес. Жиын президент сайлауына бір жарым ай қалғанда өткелі тұр. Бұдан бұрын билік партиясы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынын хабарлаған.