26 қазандағы мәлімет бойынша 882 адам коронавирус инфекциясынан (–732 КВИ+ және 150 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
882 адамның ішінде 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр