5 желтоқсанда Қазақстанда 140 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
6 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 374 адам коронавирус инфекциясынан (–1 183 + және 191 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 5 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.