“Реал” мен “Барселона” Испания суперкубогі үшін финалдық ойын өткізіп, каталондықтар жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Эр-Риядтағы “Фахд патша атындағы халықаралық” стадионда өткен ойын 3:1 есебімен барселоналықтардың пайдасына аяқталды.
Матч басында мадридтіктер басымдық көрсетті, алайда тайм ортасына таман каталондықтар күш алып, Гави 33-минутта және артынша Роберт Левандовски (45) гол салды.
Екінші таймда мадридтіктердің бапкері Карло Анчелотти ойыншылар алмастыру арқылы матч барысына әсер етуге тырысты. Алайда “Барселона” дес берместен тағы бір гол соқты – 69-минутта Педри.
Тек қосымша уақытта (90+3) Карим Бензема “Реал” бір гол сала алды.