Барселона Реал Мадридтен суперкубок ойынында басым түсті

0
165
фото: championat.com

“Реал” мен “Барселона” Испания суперкубогі үшін финалдық ойын өткізіп, каталондықтар жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Эр-Риядтағы “Фахд патша атындағы халықаралық” стадионда өткен ойын 3:1 есебімен барселоналықтардың пайдасына аяқталды.

Матч басында мадридтіктер басымдық көрсетті, алайда тайм ортасына таман каталондықтар күш алып, Гави 33-минутта және артынша Роберт Левандовски (45) гол салды.

Екінші таймда мадридтіктердің бапкері Карло Анчелотти ойыншылар алмастыру арқылы матч барысына әсер етуге тырысты. Алайда “Барселона” дес берместен тағы бір гол соқты – 69-минутта Педри.

Тек қосымша уақытта (90+3) Карим Бензема “Реал” бір гол сала алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз