Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды. Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады.
Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.