Ұлытауға 409 мұғалім жетіспейді

0
111

Биыл Ұлытау облысы бойынша мектептерге 409, ал облыс орталығындағы мектептерге 125 мұғалім жетіспейді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Әсіресе жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімі жетіспейді. Жазғы демалыста педагог мамандарды жұмысқа тартуда қалалық, облыстық деңгейде бірсыпыра еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Осылайша мектептерге 155 жас маман келген. Алайда мәселе шешілмеген.

Биыл мұғалімдер тапшылығын жою үшін облыс әкімдігінен ең қажет деген мамандықтарға 90 грант тағайындалған. Бірақ сол тегін оқуға түсетін талапкерлер де табылмаған.

«Жезқазған университетіне 90 грант бөлінді. Оның өкінішке орай әзірге 12 ғана түлек осы гранттың иегері болды. 90 грант бөлінсе де келіп түскен өтініштер болған жоқ. 12-сі қазір мемлекеттік грант иегері атанып отыр», – дейді білім басқармасының маманы Елжан Асылбеков.

Қазір тапшы мамандардың жүктемесін басқа ұстаздар өзара бөліп алған. Кейбір мектептерде зейнетке шыққан мұғалімдер де бар. Олардың саны 90-ға жуық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз