Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия пара ойындарында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдошылар арасындағы жарыстың финалында екі қазақстандық жолықты (J1 класы – зағип спортшылар), деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Алтын үшін күресте Қазақстанның екі өкілі – Ерғали Шамей мен Асылан Нұрдәулетов жолықты. Нәтижесінде “иппонмен” пара ойындарының чемпионы атағын Шамей жеңіп алды, ал Нұрдәулетов күміске ие болды.
Қазір Қазақстанның қоржынында 13 медаль бар – үш алтын, бес күміс және бес қола:
- Алтын: Пара пауэрлифтинг – Давид Дегтярев, пара дзюдо J2 cанаты бойынша – Ақмарал Науатбек, пара дзюдо j1 санаты – Ерғали Шамей.
- Күміс: пара каноэ – Бибарыс Спатай, пара пауэрлифтинг – Тұрсынай Қабыл, пара каноэ (200 м) – Бибарыс Спатай, пара каноэ – Жалғас Тайкенов, пара дзюдо j1 санаты – Асылан Нұрдәулетов.
- Қола: пара каноэден – Максим Богатырев, пара каноэдан (VL3 200) жекелей бағдарлама – Жаңыл Балтабаева, пара дзюдо (J2 санаты бойынша) – Әнуар Сариев, S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзу – Роман Потапов, пара пауэрлифтингтен – Гүлім Құрманбаева.
Айта кетейік, 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында (ҚХР) IV Азия Пара ойындары өтуде. Сайыста 22 спорт түрі бойынша 564 медаль жиынтығы (490 Паралимпиадалық және 74 паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) ойнатылады.
Аталған ойындарға Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының атынан 131 спортшы қатысады, оның ішінде 93 ер адам және 38 әйел 14 спорт түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара оқ ату, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, пара академиялық есу, пара садақ ату, пара велоспорт, отырып ойнау волейбол, бочча және шахмат) қатысады.
Қазақста ұлттық құрамасы 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.