22 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сонымен қатар жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан.

Ел президенті экономикалық ықпалдастықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты.

Айта кетейік, кездесуде сауда, көлік, логистика, «жасыл» энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз