Режиссер Қуаныш Бейсектің жаңаша бағыттағы фильмі жарық көрді

0
91

27 желтоқсан күні Астана қаласында режиссер Қуаныш Бейсектің драма және қорқыныш жанрындағы «Дәстүр» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті.

Көрсетілімге келген жұрт қарасы қалың болды. Фильм басталмас бұрын режиссер Қуанышты, жиналғандар ешқайда жібермей, шамамен бір сағаттай арнайы постердің жанында бірінен соң бірі келіп суретке түсіп жатты.

Режиссердің айтуынша фильмнің негізгі идеясы қалыптасып қалған кейбір іс-әрекеттерімізге жаңаша көзқараспен қарап, жаңалық әкелу болған.

Алғашқы көрсетілімге келгендерге, кинотеатр алдында фуршет ұйымдастырылып, фотоаймақ дайындалған. Бұдан бөлек актерлерде сол жерде келген жұртқа алғыс айтып, бірге талқы жасады. Кино түсірген ұжымға қолдау ретінде әріптестері, вайнерлер және кей билік өкілдері келді.

Киноның ұзақтығы 90 минутты қамтыды. Аяқталғаннан кейін көрермен өз сезімін жасыра алмады. Зал бір дүр сілкініп шапалақ ұрып, таңданыстарын білдірді. Қолдап келген үлкен-кіші барлығы мадақ айтып, тіпті кейбірі құшақтап ізгі тілектерін де жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз