Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты.
Турнирдің екінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 40-орында тұрған 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен ойнады.
Бірінші партияны қазақстандық спортшы қарқынды бастады — 3:0. Сол басымдылығынан сет біткенше айырылған жоқ — 6:3. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді — 6:2.
Елена Рыбакина финалда қос белоруссиялық, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко немесе рейтиңде 23-сатыда тұрған Виктория Азаренконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.