Тина Канделаки Қазақстанға кіргізілмейді – СІМ

0
36
Таурас Демидов / Forbes

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кіргізілмейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

“Ол Қазақстанға келе қоймас, келген жағдайда кірмейді”, — деді Айбек Смадияров Тина Канделакидің Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқаны туралы мәлімдемесіне пікір білдіріп.

Ол қажет болған жағдайда шара қолданылатынын, мемлекет мұндайды кешірмейтінін айтты.

Бірнеше күн бұрын Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып жатқанын айтқан болатын. Осыдан кейін Канделаки сынның астында қалды, бірақ оның Telegram-арнасындағы қазақстандықтардың пікірлері жойылып жатыр.

Канделаки Қазақстанға кіруге тыйым салынған алғашқы ресейлік емес. Бұған дейін осындай пікірлерден кейін Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянды нон грата тізіміне қосқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз