Ashgabat, Turkmenistan - 2017

Күні кеше Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында ашылу рәсімі өткен жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының алғаш күнінде ел қоржыны 9 медальмен толықты. Спортшыларымыз, нақты айтқанда, 3 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль иемденді.

Алтын медальдарды жеңіл атлеттеріміз жеңіп алды. Иван Иванов ядро лақтыруда топ жарды, Сергей Грегоревь сырықпен секіруде бірінші болса, Ольга Рыпакова ұзындыққа секіруден алдына жан салмады. Үш категорияда спортшыларымыз абсолюттік жеңіске жақындағанмен, бағы жаңбай күміс медальді місе тұтты. Ерлер велокомандасы мүшелері Заки Сұлтанов, Павел Воржев және Сергей Пономарев мәреге екінші келсе, Қайрат Сарымсақов таеквондода және Ботагөз Дүйсeмбаева дәстүрлі күресте финалға шығып, қарсыластарына есе жіберді. Қазақстан қоржынына түскен қола жүлделерді ұлттық құрама спортшылары кедергілер арқылы жүгіру, таеквандо, джи-джитсу секілді ойын түрлерінде жеңіп алды.

5-ші Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есеп бойынша бесінші орынға орналасты. Жарыс 27 қыркүйек күніне шейін жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз