Мемлекет кейбір спорт түрлерін қаржыландыруды қысқартады

0
59
championat.com

Мемлекет қаржыландыратын спорт түрлерінің саны қысқарады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews

Оның айтуынша, спорт саласына жалпы облыстық, жергілікті және республикалық бюджеттерді қоса алғанда шамамен 290 млрд теңге бөлінеді. Биыл да қаржыландыру сомасы бұрынғыша қалады, алайда мемлекет қаржыландыратын спорт түрлерінің саны қысқарады.

«Олимпиада, Паралимпиада және Азия ойындары бағдарламасына енгізілген спорттарға басымдық беріледі. Бұл олимпиадалық спорт түрімен айналысатындар санын арттырып, бәсекелестікті жандандырады. Бөлінген қаржының жалпы сомасы қалады. Ол олимпиадалық спорт түрлері арасында бөлінеді», – деді Серік Жарасбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз