Қазақстанның бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бас бостандығынан айыру мерзімі аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін 8 жылдан 11 жылға дейін ұзартылды. Оның адвокаты Мұстахим Төлеев 6 жыл 8 айға кесілді.  

Астана қалалық сотының хабарлауынша, қалалық қылмыстық істер жөніндегі соттың айыптау алқасында экс-министрдің әйелі Ғалия Ысқақова мен адвокат Мұстахим Төлеев болды. Біріншісі пара алу бойынша делдалдық, екіншісі алаяқтық бойынша айыпталған.

Іс материалдарына сәйкес, Мұхамедиұлы тергеу изоляторында отырған кезінде бас бостандығын, сондай-ақ меншігіндегі бір қонақүйдің сақталуын қалаған. 2022 жылдың желтоқсанында оның әйелі Төлеевке қонақүй мәселесі оң шешімін табуы үшін “тиісті адамға” деп 140 мың доллар, ал келесі айда күйеуінің бұлтартпау шарасын өзгерткені үшін тағы 120 мың доллар берген.

2023 жылдың сәуірінде Ысқақова адвокатқа күйеуінің жазасын жеңілдету үшін 100 мың доллар берді. Сол жылдың маусым айында заңгер дәл осылай тағы 27 миллион теңге мен 40 мың долларға байыған.

Ақша жоғары шенді алушыларға жетпеді. Бірақ ерлі-зайыптылар мен адвокат жасырын тергеу әрекеттерінің объектісіне айналды.

Судьялар Ғалия Ысқақованы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, алты айға бас бостандығынан айырды. Мұстахим Төлеев 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол бостандыққа шыққаннан кейін тағы 10 жыл адвокаттық қызметке орала алмайды. Сотталғандардың үкімге шағымдануға уақыты бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз