Таңертең тұрған бетте барып терезені аштыңыз да, таза ауаның орнына түтін сездіңіз бе? Бұл — табиғаттың бізге беріп жатқан үнсіз ескертулері. Өзендеріміз тартылып, жан-жануарларымыз азайып, өсімдіктердің өсуі қиындап бара жатыр. Жер Ана бізге ренжімейді, ол тек жауап қайтарады.
Экология — адам мен қоршаған ортаның арасындағы тепе-теңдік. Алайда кей адамдардың немқұрайлы әрекеттері сол тепе-теңдікті бұзып жатыр. Қоршаған ортаның ластануы, ресурстарымыздың шамадан тыс қолданылуы — болашаққа үлкен қауіп төндіретін жағдайлар. Эко мәселелер тек ғалымдардың ғана емес, барлық адамның жауапкершілігіне айналуы тиіс.
Бұндай мәселелердің шешімін табу өте оңай. Ол күнделікті өмірден бастау алады. Қоқысты тастар алдында сұрыптау, су мен электр көзін үнемдеп қолдану, пластик заттарды аз пайдалану – қарапайым, дегенмен тиімді лайфхактар. Сонымен қатар ағаш отырғызу, көгалдандыру, қоғамдық көліктерді қолдану және табиғатты қорғау – бәріміздің орындауымыз керек миссияларымыз.
Статистикаға қарасақ, экология мәселесі шын мәнінде алаңдатарлық. 2025 жылы Қазақстанның көптеген қалаларында ауа ластанғаны анықталған. Кейбір өңірлерде ауаның сапасы жиі нормадан асып, адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Бұл деректер табиғатты қорғау мәселесін кейінге қалдыруға болмайтынын көрсетеді.
Қорытындылай айтсақ, табиғат бізге әрдайым сигнал береді. Сол сигналдарды уақытында түсініп, дұрыс әрекет етсек, өз болашағымызды қорғай аламыз. Табиғатты күту – өзімізге жасалған ең дұрыс қадам.
Толғанай Темірханова
11-сынып оқушысы



























































