Орта салмақта WBC, WBA, IBF нұсқаларында чемпион белдігі иегері, әлем чемпионы Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес 5 мамырда қайта қолғап түйістіреді.
Реванш-матчтың нақты өтетін орны жақын уақытта хабарланады, деп жазады Sports.kz.
Головкин мен Альварес алғаш рет өткен жылдың 16 қыркүйегінде рингке шыққан еді. Қос мықты бірін-бірі ала алмай, кездесу тең аяқталған еді. Итжығысқа риза болмаған боксшылардың промоутерлері реванш-матч туралы келіссөздер жүргізіп келген. Реванш-матчта жеңіске жеткен боксшы WBO нұсқасы бойынша чемпион атағына ие ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен шаршы алаңда жолығып, орта салмақтағы абсолютті чемпионды анықтамақ.