Алматы экономикасының ЖІӨ Қырғызстан мен Тәжікстаннан 5 есе артты – Елбасы

0
162

Алматы экономикасы Қырғызстан мен Тәжікстанның ЖІӨ-нен (Жалпы ішкі өнім) 5 есе жоғары, бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға барған сапары барысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Алматы ірі экономикалық орталық ретінде қалыптасып, әлемдік деңгейдегі заманауи қазақстандық мегаполис болғанын атап өтті.

«Жалпы, Алматы ірі экономикалық орталық ретінде қалыптасып, еліміздің әлемдік деңгейдегі заманауи мегаполисіне айналды. Тәуелсіздік жылдарында қала экономикасы қарқынды түрде өсіп, жоғары көрсеткіштерге жетті. Маған ұсынылған мәліметтерге сәйкес, бүгінде Алматы экономикасының көлемі Грузияның жалпы ішкі өнімінен 2 есе, ал Қырғызстан мен Тәжікстаннан – 5 еседей артық. Бұл – тек қаланың ғана емес, жалпы еліміздің табысты дамуының көрсеткіші.», – деді Н. Назарбаев.

«Қазір Алматы республикалық бюджеттің доноры болып саналады. Ол республика бойынша шағын және орта бизнесті дамытудың үздік көрсеткіштеріне қол жеткізіп отыр», – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Елбасының пікірінше, қалада көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек және арық жүйесінің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.

«Екі жаңа аудан қалыптасты: Алатау және Наурызбай, онда кәсіпкерлікті жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Аталған жерде кәсіпкерлік қызметтің «өсу нүктелері» бар», – деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Атап өтерлігі, 2016 жылғы деректер бойынша, Тәжікстанның ЖІӨ 6,9 млрд долларды, ал  Қырғызстанның ЖІӨ 6,5 млрд долларды құраған.

 

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз