Тиллерсоннан іле-шала: Гольдштейн де босатылды

0
76
/Reuters

Мемлекеттік хатшы Тиллерсонды қызметінен босатқан АҚШ президенті Трамп сейсенбіде мемлекеттік хатшының орынбасары Стив Гольдштейнді де лауазымынан алып тастады. Гольдштейн БАҚ өкілдеріне Тиллерсон өзінің қызметінен босатылғанын Трамптың Twitter-дегі шағын блогынан бірақ білгенін айтқан болатын.

Ал бұған дейін Трамп Тиллерсонды қызметінен босату туралы өзімен әңгіме жүргізгенін мәлімдеген еді. Дегенмен, Гольдштейннің сөзінше, Тиллерсон қызметінен босатылғанын соңғы сәттерге дейін білмеген, тіпті себебін де нақты түсінбеген. Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, Ақ үй Гольдштейннің айтқан сыни ескертулері оның қызметінен кетуіне түрткі болғанын растамады.

Трамп пен Тиллерсонның өзара келіспеушіліктері елдегі жоғары билікке де, баспасөзге де жасырын емес еді. Бірқатар мәселелерге байланысты мемлекеттік хатшының (Тиллерсонның -ред) өзіндік ұстанымдарын Трамп жаратпаған. Бұған дейін Трамптың билік мерзімі аяқталғанша, Тиллерсон аталған лауазымында қалады ма деген сұраққа өзі де нақты жауабын білмейтінін айтқан еді. Атап өтерлігі, АҚШ жаңа мемлекеттік хатшысы болып бұрынғы барлау орталығының басшысы Майк Помпео тағайындалды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз